
Біздің басты міндеттеріміз – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау.
Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, біз өз жұмысымызда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Кәсіпкерлік кодексін және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін басшылыққа аламыз.
Бақылау жұмыстары профилактикалық және жоспардан тыс тексерулер арқылы жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексерулер азаматтардың өтініші негізінде, сондай-ақ заңды тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың нақты заң бұзушылықтар мүмкіндігі туындаған негізде жүргіземіз.
Біздің жұмысымыздағы маңызды бағыттардың бірі – мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
Атап айтсам, қолжетімді орта дегеніміз – тек пандус немесе ғимаратқа кіретін ыңғайлы есіктің болуы ғана емес, ғимараттың барлық бөліктері қолжетімді болуы қажет. Мысалы, санитариялық бөлмелер, қызмет көрсету орындары, тактильді ақпарат құралдары, арнайы белгілер және мүгедекті бар адамдарға арналған автотұрақ орындары тиісті талаптарға сай болуы керек.
Сондықтан біздің міндетіміз – қолжетімділік элементтерінің бар-жоғын ғана тексеру емес, олардың іс жүзінде талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету.
Енді атқарылған жұмыстарға тоқталайын.
Жыл басынан бері департамент тарапынан әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында отыз екі тексеру жүргізілді.
Оның ішінде жиырма төрт профилактикалық бақылау субъектілерге тексерілді. Тексеру барысында жиырма төрт нұсқама берілді. Оның тоғызы қолжетімділікке қатысты.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша алты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. Ал, кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды.
Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы бес жүз он тоғыз мың теңгені құрады.








