
Жыл сайын 10 қазанда Кәсіподақтар күні аталып өтеді. Бұл күн еңбек құқықтары мен қызметкерлердің мүдделерін қорғауға, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарды біріктіреді.
Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны, еңбектегі жауапкершілігі және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Роман Витальевич Ланочкин «Ақмола облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Көкшетау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Жанар Ғабитқызы Дәулетбаева Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Құрмет грамотасына ие болды.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Департамент пен аумақтық басқармалардың Senim жергілікті кәсіподағының бастауыш ұйымы мүшелерін Кәсіподақтар күнімен құттықтайды!
Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте толағай табыс, жаңа жетістіктер, отбасылық амандық және ұжым игілігі жолындағы жемісті еңбек тілейміз









