ДДСҰ жобасы – «Салауатты жұмыс орындары»

    ДДСҰ жобасы – «Салауатты жұмыс орындары»
    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «ДДСҰ „Салауатты жұмыс орындары“ жобасы: мақсаттары, міндеттері және іске асыру жолдары» тақырыбында семинар өткізді.
    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері, өнеркәсіптік және тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басшылары мен мамандары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
    Семинардың негізгі мақсаты – жұмыс берушілер мен мамандардың қауіпсіз әрі қолайлы өндірістік ортаны қалыптастыру қағидаттары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асырудың практикалық тәсілдерін талқылау болды.
    Семинар барысында қатысушыларға қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыруға, қызметкерлердің денсаулығын сақтауға, кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, сондай-ақ жұмыс орындарында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ДДСҰ-ның «Салауатты жұмыс орындары» жобасының негізгі ережелері таныстырылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары