
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
1. Сұрақ:Егер азамат бір мезгілде екі жерде жұмыс істесе, еңбек өтілі қалай есептеледі?
Жауап: Еңбек өтілі тиісті құжаттармен расталған еңбек қызметінің кезеңдері бойынша есептеледі.Бір күнтізбелік кезең еңбек өтіліне екі рет есептелмейді. Яғни бірнеше жерде бір уақытта жұмыс істеу тиісті кезеңдегі еңбек өтілінің ұзақтығын арттырмайды.
2. Сұрақ:Еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда еңбек өтілін қалай растауға болады?
Жауап: Еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда еңбек өтілі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжаттармен, оның ішінде жұмыс берушінің немесе архив мекемесінің архивтік анықтамаларымен расталуы мүмкін.Еңбек қызметін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен белгіленуі мүмкін.
3. Сұрақ:Зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлене ме?
Жауап: Зейнеткерлік жасқа толған кезде азаматқа оның қай төлем түрінің мөлшері тиімді екеніне байланысты жасына байланысты зейнетақы төлемі немесе мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері бөлек тағайындалады.








