Облыс орталығында Марқакөл ауданының мәдени күндері өтеді

    Облыс орталығында Марқакөл ауданының мәдени күндері өтеді

    Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Марқакөл ауданының мәдени күндері өтеді. Екі күнге жоспарланған шаралар аясында ауданның шығармашылық әлеуеті таныстырылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

    9 қазан күні сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Марқакөл ауданының шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтеді. Кеш барысында көрермен аудан өнерпаздары дайындаған музыкалық және шығармашылық қойылымдарды тамашалай алады.

    Ал 10 қазан күні сағат 08:00-де Өскемен қаласындағы «ALTAY» көтерме және бөлшек сауда орталығының аумағында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Марқакөл ауданының шаруалары мен өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

    Марқакөл - табиғаты көркем, еңбек дәстүрі қалыптасқан, мәдени мұрасы бай аудандардың бірі. Ауданның мәдени күндерін өткізу - оның тыныс-тіршілігін қала тұрғындары мен қонақтарына таныстыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары