Конкурс өткізу туралы хабарландыру

    Конкурс өткізу туралы хабарландыру

    Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ.

    Электрондық пошта мекенжайы: [email protected]

    Байланыс телефоны: 8/7212/50-38-73 (ішкі 6324).

    Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері үшін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.

    Конкурс нысаны: ашық конкурс.

    Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «KEZEKTE.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

    Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

    Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу:

    Теміртау қаласының кәсіпкерлері үшін: «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101400, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары көшесі, 9, 332-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: [email protected] байланыс телефоны: 8 (7213) 41-01-43;

    «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.

    Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 19 - 23 қазанға дейін.

    Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

    Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-industry/about?lang=kk

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары