«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Бөлім туралы

    «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аумағында кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, туризм, инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар, индустриялық-инновациялық саясат, агроөнеркәсіптік кешен саласында басшылықты жүзеге асыратын, ауыл шаруашылығы.саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Теміртау қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ақсаттары:

    - жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;

    - жеке кәсіпкерлікті, инвестициялық ахуалды, сауда қызметін, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін жағдайлар жасау;

    - мемлекеттің өз қызметі саласындағы саясатын әзірлеуге, іске асыруға, үйлестіруге қатысу;

    - өз қызметі саласында заңнамаға қайшы келмейтін өзге де мақсаттарды орындау.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы 2026 жылғы 9 шілдеден 31 шілдеге дейін Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мәселелермен байланысты мәселелер мен нақты фактілер туындаған жағдайда, Сіз Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіне аласыз. Байланыс телефондары:«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 8 (7213) 41-01-43.

    Жарияланды: