Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары! Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!
Жылыту маусымы қарсаңында мұржаларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.
Жеке тұрғын үйлерде өрттің шығуын және улы газдан (иіс газынан) улануды болдырмау үшін пешпен жылыту жүйесінің ақаусыз күйде болуын қадағалау қажет. Жыл сайын суық ауа райы басталғанға дейін және жылыту маусымы кезінде айына бір рет мұржалардың және жылыту жүйесінің барлық басқа элементтерінің жай-күйін тексеріп отыру маңызды. Мұржаны күйеден жүйелі түрде тазарту – оны күтіп ұстаудың негізгі талаптарының бірі екенін есте сақтау қажет.
Мұржаны тексеру
Бұл жұмысты күндізгі уақытта жүргізген жөн. Пешті жаққаннан кейін шатыр астындағы мұржаларды тексеру қажет. Егер мұржада саңылаулар болса, олардан түтін шығуы мүмкін. Анықталған жарықтар мен сызаттарды дереу жою қажет.
Пешпен жылыту жүйесіндегі мұржаны үнемі әктеп отыру керек. Бұл пайда болған саңылауларды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Әктелген ақ бетте шайыр мен күйеден пайда болған қара дақтар анық көрінеді.
Пешпен жылыту жүйесін пайдалану
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында төмендегі ережелерді орындау маңызды:
* Жағылған пешті үнемі бақылауда ұстау және оны қарауды кішкентай балаларға ешқашан тапсырмау;
* Жанғыш және тез тұтанатын заттар мен материалдарды пеш алдындағы металл төсемнің үстіне қоюға тыйым салынады;
* Пешті тұтату үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбау;
* Пешті тек оған арналған тиісті отын түрлерімен жағу.
Мүлкіңізді, өзіңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтаңыз!
Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары! Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!
Ұқсас материалдар
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ісі бойынша 17 адам сотталды
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіАшуАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ШЫМКЕНТТЕ «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨРМЕ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
"Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММАшу
9 қазанда «Қауіпсіз және салауатты еңбек ортасы – еңбек саласындағы негізгі қағидат және құқық» тақырыбында өткен кеңесте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты өзекті мәселелер қаралды
Глубокое ауданының әкімдігіАшу
"Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

«Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» волонтерлік акциясы өтті
Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«Қартын қадірлеген ел – ардақты ел»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Жетісуда биыл 146 мың гектардан астам жер суарылды
Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет
Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«Құқықтық кабинет» өз жұмысын жалғастыруда
Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу