Назардан тыс қалмады: ЖБО камералары саябақтағы құқық бұзушылықты тіркеді

    Назардан тыс қалмады: ЖБО камералары саябақтағы құқық бұзушылықты тіркеді

    Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бағытында тәулік бойы жұмысын жалғастыруда.

    Мәселен, 7 қазанда Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Көксу ауданының 20 жастағы екі тұрғынының қоғамдық орынды ластағаны анықталды.

    Жас жігіттер саябақта темекі шегіп, оның тұқылдарын жерге тастаған.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, қоғамдық орындарды ластағаны үшін оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

    Енді оларға айыппұл салу немесе 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

    Жетісу облысының полициясы ескертеді: қоғамдық орындардың тазалығы әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Жерге тасталған бір ғана темекі тұқылының өзі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

    Бейнебақылау камералары осындай құқық бұзушылықтарды тіркеуді жалғастырып, полицияның жедел әрекет етуіне және қоғамдық тәртіпті сақтауға мүмкіндік беруде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары