Табиғатты және қалаларымыздың тазалығын сақтау – ең алдымен өз қолымызда.

    Табиғатты және қалаларымыздың тазалығын сақтау – ең алдымен өз қолымызда.

    Әрбір азамат қоршаған ортаны ластағаны және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын түсінуі қажет.

    Тек соңғы бір апта ішінде «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері 120 құқық бұзушылықты анықтады. Оның 115-і қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері болса, тағы 5 факті қоқыс тастау және ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға қатысты.

    Оның ішінде 83 құқық бұзушылық Полицияның жедел басқару орталығының камералары арқылы анықталды.

    Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Полиция құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, заң аясында тиісті шаралар қабылдауды жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары