Бір аптаның ішінде облыс полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5310 фактісін анықтап, жолын кесті.

    Бір аптаның ішінде облыс полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5310 фактісін анықтап, жолын кесті.

    Жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын басқарудың 4 фактісі анықталды. Сонымен қатар, қала аумағында дрифт жасап, азаматтардың тыныштығын бұзған жүргізушінің әрекеті тоқтатылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасуда. Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен тыныштығын құрметтеуге шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары