Туысының тойын тойлаған: Шымкентте ауаға оқ атқан азамат қамауға алынды

    Туысының тойын тойлаған: Шымкентте ауаға оқ атқан азамат қамауға алынды

    Қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында полиция қызметкерлері мейрамханалардың бірінің маңындағы құқық бұзушылықтың жолын кесті.
    34 жастағы қала тұрғыны Бунёдбек Юлдашев тойдан шығып, сигналды тапаншамен аспанға оқ атып, айналасындағыларға қауіп төндірген.

    Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Одан бөлек, түнгі тыныштықты бұзу және қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану деректері бойынша айыппұл салынды.

    Полиция ескертеді: қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары