Ақмола облысында еңбек қауіпсіздігіне баса мән берілуде

    Ақмола облысында еңбек қауіпсіздігіне баса мән берілуде
    Қауіпсіз еңбек жағдайы жұмысшылардың денсаулығын сақтаудың және кәсіптік аурулардың алдын алудың маңызды кепілі. Осыған байланысты жұмыс орындарын дұрыс есепке алу, зиянды өндірістік факторларды уақтылы анықтау және өндірістік бақылауды тұрақты жүргізу ерекше маңызға ие.
    Жұмыс орындарында өндірістің ерекшелігіне қарай шу, діріл, жарықтандыру деңгейі, микроклимат, химиялық заттар, өндірістік шаң, электромагниттік өрістер және басқа да факторлар бағаланады.
    Жұмыс орындарын тиімді есепке алу зиянды факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкерлердің санын анықтауға, олардың түрі мен әсер ету деңгейін бағалауға, қосымша қорғаныс шараларын қажет ететін жұмыс орындарын белгілеуге және мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуі тиіс қызметкерлерді айқындауға мүмкіндік береді.
    Рұқсат етілген деңгейден асып кету анықталған жағдайда жұмыс беруші зиянды әсерді жою немесе төмендету үшін тиісті шаралар қабылдауға тиіс. Бұл ретте жеке қорғаныш құралдары техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын алмастырмай, оларды толықтыруы қажет.
    Еңбек қауіпсіздігі жұмыс беруші мен жұмысшының ортақ жауапкершілігін талап етеді. Жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, жабдықтардың жарамдылығын бақылауға, өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және қажетті қорғаныс шараларын қабылдауға міндетті. Ал жұмысшы қауіпсіздік талаптарын сақтап, жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдаланып, медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтуі қажет.
    Жұмыс орындарын есепке алу → зиянды факторларды анықтау → зертханалық бақылау → тәуекелдерді бағалау → алдын алу шараларын жүргізу → медициналық бақылау → қайта бақылау — еңбек жағдайларын қауіпсіз деңгейде ұстаудың негізгі кезеңдері.
    Жүйелі әрі жауапты тәсіл кәсіптік тәуекелдерді дер кезінде анықтап, олардың алдын алуға және жұмысшылардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары