
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері «HUGO BOSS AG», «PUMA SE», "LEGO Holding A/S" компания өкілдерінің өтініштері бойынша контрафактілік тауарларды заңсыз пайдалану мен сатудың жолын кесу мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып контрафактілік тауарлар тәркіленді және сот шешімімен әкімшілік айыппұл салынды.
Сот шешіміне сәйкес, тәркіленген контрафактілік тауарлар мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып және Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің филиалы «Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушыларымен заңмен белгіленген тәртіпке сай жойылды.
Әділет департаменті зияткерлік құқықтарын, атап айтқанда тауар белгілерін қорғауға ерекше назар аударатынын хабарлаймыз.









