
Ағымдағы жылдың 01 қазанында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен КАЕУ студенттерімен авторлық құқық және тауар белгілерін қорғау мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге зияткерлік меншік саласының маңызы, авторлық құқықтың негізгі қағидаттары және тауар белгілерін құқықтық қорғау туралы ақпарат берілді. Қазіргі цифрлық заманда шығармашылық еңбекті, ғылыми жұмыстарды, идеялар мен авторлық туындыларды заң талаптарына сәйкес қорғаудың маңызы ерекше екені атап өтілді.
Сонымен қатар, тауар белгісінің кәсіпкерлік қызметтегі рөлі, оны тіркеу және заңсыз пайдаланудан қорғау мәселелері түсіндірілді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау бойынша пайдалы ақпарат алды.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз еңбегінің нәтижесін қорғауға және басқа авторлардың құқықтарын құрметтеуге бағытталған.









