
2026 жылғы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Онлайн-жәрмеңке» форматында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфир барысында мынадай салалар бойынша ақпарат берілді:
- азаматтық хал актілерін тіркеу;
- жылжымайтын мүлікті тіркеу;
- коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу;
- ресми құжаттарға апостиль қою;
- нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау.









