
2026 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар облысының Әділет департаменті Павлодар қаласының №5 айналма бағытында жүретін қалалық трамвайда «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Акцияға Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы мен қызметкерлері, нотариус Ирина Клименко, заң консультанты Алимбек Агибаев және жеке сот орындаушысы Айжан Шахматалинова қатысты.
Акция барысында қала тұрғындары мен қонақтарына құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар беріліп, азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндірмелер ұсынылды.
Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Айта кету керек, аталған акция @tramvai_pvl_ Трамвай басқармасы басшылығының қолдауымен тұрақты негізде өткізіліп келеді.







