Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы газ құю станцияларында және газ баллондарын пайдаланып тамақ дайындайтын нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында нысан иелері мен жауапты тұлғаларға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, газ баллондарының жарамдылығын тұрақты тексеру және оларды дұрыс сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар газдың шығуын дер кезінде анықтау, ашық отты пайдаланбау және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау бойынша ескертулер берілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары