Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрттің алдын алу шаралары және өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар құтқарушылар оқушыларға өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтарды таныстырып, олардың жұмыс істеу тәртібін көрсетті. Арнайы киімдер мен жеке қорғану құралдарының төтенше жағдайлар кезіндегі маңызы да түсіндірілді. Оқушыларға эвакуация кезінде сабыр сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындау және өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД