Атырауда жыл басынан бері есірткі сайттарын жарнамалайтын 120-ға жуық граффити жазуы жойылды

    Атырауда жыл басынан бері есірткі сайттарын жарнамалайтын 120-ға жуық граффити жазуы жойылды
    Атырау облысында жыл басынан бері есірткі қылмысының алдын алу және оның таралуына жол бермеу бағытында бірқатар профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
    🔹 Есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазбаларды анықтау және жою бойынша 49 акция мен рейдтік іс-шара өткізіліп, 600-ден аса ерікті жұмылдырылды. Нәтижесінде 120-ға жуық граффити жазба жойылды.
    🔹 Тұрғындарға есірткі қылмысының алдын алу бойынша 3130 ақпараттық брошюра таратылды.
    ⚠️ Полиция ескертеді: есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, сондай-ақ прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
    📢 Азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген ақпаратқа бейжай қарамай, мұндай фактілер анықталған жағдайда полицияға хабарлау қажеттігін ескертеміз.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары