МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілуде.
    Осы бағыттағы кезекті қоғамдық бақылау Мақтаарал ауданында өткізілді. Аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің инспекторы Асылхан Баратбек Мырзакент кентіндегі С. Рахымов атындағы мектепте және Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізді.
    Қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне, нысандардың кіреберісі мен ішкі жағдайына, сондай-ақ қызмет алу орындарының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету орындарының талаптарға сәйкестігі, қызмет алушылардың өтініштерін қабылдау жұмыстарының ұйымдастырылуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен стандарттарының мәтіндері, өтініштерді толтыру үлгілерінің азаматтарға көрнекі әрі қолжетімді жерлерге орналастырылуы зерделенді.
    Бұдан бөлек, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жай-күйі, азаматтардың мемлекеттік қызмет алу кезінде ұзақ уақыт кезекте тұруына жол бермеу, қызмет көрсету үдерісінің ашықтығы мен қолайлылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
    Қоғамдық бақылау нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, оларды қысқа мерзімде ретке келтіру ұсынылды.
    Мақтаарал ауданында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.

    (с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары