Алматы облысы эпидемиялық маусымға дайын: тұрғындар нені білуі керек?

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Алматы облысы эпидемиялық маусымға дайын: тұрғындар нені білуі керек?

    Алматы облысы эпидемиялық маусымға дайын: тұрғындар нені білуі керек?

    Алматы облысы эпидемиялық маусымға дайын: тұрғындар нені білуі керек? Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралу қаупі артады. Осыған байланысты Алматы облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірде вакцинация ұйымдастырылып, білім беру және медициналық мекемелерде инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған қосымша шаралар қарастырылған. Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов эпидемиялық маусым кезінде тұрғындар білуі тиіс негізгі талаптарды түсіндірді, деп хабарлайдыAlataunews.kz.

    Кімдер тегін вакцина ала алады?

    Тұмаудың алдын алудың негізгі жолдарының бірі – вакцинация. Өңірде ерте жастағы балалар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, егде жастағы азаматтар, созылмалы аурулары бар адамдар, жабық мекемелерде тұратындар және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қамқорлығындағы азаматтар тегін екпе ала алады.

    Вакцина медициналық ұйымдардың екпе кабинеттерінде дәрігердің алдын ала тексеруінен кейін салынады. Сондай-ақ азаматтың жазбаша ақпараттандырылған келісімі болуы қажет. Сайтқа на рус

    Жұмыс істейтін азаматтарды жұмыс беруші есебінен вакцинациялау мүмкіндігі де бар. Бұл жағдайда кәсіпорын басшылығы екпе жасауға лицензиясы бар медициналық ұйыммен келісімшарт жасайды. Қызметкерлер вакцинаны медициналық мекемеде немесе талаптар сақталған жағдайда жұмыс орнына келген көшпелі медициналық бригада арқылы ала алады. Сайтқа на рус

    Оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқуға көшеді?

    Эпидемиялық маусым кезінде мектептер мен балабақшалардағы аурушаңдық күнделікті бақылауда болады.

    Егер бір сыныптағы немесе топтағы балалардың 20-дан 30 пайызға дейінгі бөлігі ЖРВИ-мен ауырса, бірқатар шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, байланыста болған адамдар жеті күн бойы медициналық бақылауға алынып, оқушылардың кабинеттен кабинетке ауысуына шектеу қойылады. Сондай-ақ соңғы науқас анықталғаннан кейінгі инкубациялық кезеңде сыныпқа немесе топқа жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады.

    Ал аурушаңдық деңгейі сыныптағы оқушылардың 30 пайызына немесе одан да көп көрсеткішке жетсе, сынып қашықтан оқыту форматына көшіріледі. Балабақшаларда топтағы балалардың 30 пайызы немесе одан көбі ауырған жағдайда оқу-тәрбие процесі бір инкубациялық кезеңге уақытша тоқтатылады. Сайтқа на рус

    Мектептерде күн сайын «таңғы сүзгі» жүргізіледі

    Инфекцияны ерте анықтауда білім беру мекемелеріндегі «таңғы сүзгінің» маңызы зор. Мектепке кірген кезде оқушылар мен қызметкерлердің денсаулық жағдайы бақыланып, ЖРВИ, тұмау немесе COVID-19 белгілері бар адамдар сабаққа немесе жұмысқа жіберілмейді.

    Егер баланың денсаулығы сабақ барысында нашарласа, ол ата-анасы немесе заңды өкілі келгенге дейін бөлек бөлмеге оқшаулануы тиіс.

    Сонымен қатар мектептер оқушылардың сабаққа қатысуын күнделікті бақылап, келмеген балалардың себебін анықтауы қажет. Әр қабатта және оқу кабинеттерінің жанында қолды өңдеуге арналған антисептиктер болуы міндетті. Сайтқа на рус

    Медициналық ұйымдарда маска режимі енгізілді

    Эпидемиялық маусымға байланысты медициналық мекемелерде де қауіпсіздік талаптары күшейтілген. 1 қазаннан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері үшін маска тағу міндетті.

    Емханалар мен ауруханалардың кіреберісінде тұмау және ЖРВИ белгілері бар пациенттерді басқа келушілерден бөлуге арналған арнайы сүзгілер жұмыс істейді. Сайтқа на рус

    Жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларда тұмау, ЖРВИ немесе COVID-19 белгілері анықталған жағдайда үйге шақыртуларға басымдық беріліп, күнделікті патронаж ұйымдастырылады. Сайтқа на рус

    Аурушаңдық көбейген кезде мобильді бригадалардың жұмысы күшейтіледі. Әр 5 мың және одан көп тіркелген тұрғынға бір мобильді бригада жасақталады. Ауылдық жерлерде әрбір дәрігерлік амбулатория немесе алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жанынан кемінде бір бригада жұмыс істеуі тиіс. Сайтқа на рус

    Мектептердегі температура да бақылауда болуы тиіс

    Инфекциялардың алдын алуда ғимарат ішіндегі микроклиматтың талапқа сай болуы да маңызды.

    Мектеп сыныптары мен оқу кабинеттеріндегі ауа температурасы +18-ден +22 градусқа дейін, спорт залдарында +15-тен +18 градусқа дейін, ал медициналық пункттерде +21-ден +23 градусқа дейін болуы керек.

    Оқу бөлмелерін үзіліс кезінде, ал рекреациялық аймақтарды сабақ уақытында желдету қарастырылған. Сайтқа на рус

    Дәрігер тұрғындарға қандай кеңес береді?

    Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері инфекциялық аурулардың алдын алуда қарапайым профилактикалық шаралардың маңызы жоғары екенін атап өтті.

    Тұмауға қарсы иммундау 15 қыркүйектен басталған. Тәуекел тобына кіретін азаматтар екпені тегін ала алады. Жұмыс істейтін тұрғындар үшін жұмыс беруші қаражаты есебінен вакцинациядан өту мүмкіндігі қарастырылған. Сайтқа на рус

    Эпидемиялық маусым кезінде қолды жиі жуып, антисептик қолдану, медициналық ұйымдарға барған кезде маска тағу және жеке гигиена талаптарын сақтау маңызды. Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда жұмысқа немесе оқу орнына бармай, үйде қалған жөн.

    ЖРВИ немесе тұмау белгілері пайда болса, дәрігерді немесе мобильді бригаданы үйге шақыру ұсынылады. Аса қажеттілік болмаса, емханаға өздігінен бармаған дұрыс. Сайтқа на рус

    Эпидемиялық маусымдағы қауіпсіздік тек медицина немесе білім беру ұйымдарының жұмысына байланысты емес. Вакцинациядан уақытылы өту, ауру белгілерін елемеу емес, дер кезінде дәрігерге жүгіну және инфекция жұқтырған кезде өзгелермен байланысты шектеу тұрғындардың өз денсаулығын ғана емес, айналасындағы адамдарды да қорғауына мүмкіндік беретін маңызды шаралар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары