
2026 жылғы 6 қазанда Ескелді ауылдық округінің Қайнар ауылында Ескелді ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар абаттандыру, ауылды дамыту, әлеуметтік сала және басқа да өзекті мәселелер бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныстары қаралып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша алдағы жұмыстар талқыланды.








