Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:

    «Пешті бөлу және шегініс жасау кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары»
    Өртке қарсы бөлу және шегініс: не үшін қажет және қойылатын талаптар
    Қазіргі уақытта көптеген тұрғын үйлер әртүрлі пештер мен қазандықтар арқылы жылытылады. Осыған байланысты оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан туындайтын өрттердің саны да көп.
    Бұл нені білдіреді?
    Пеш жағылған кезде оның сыртқы беттері – пеш пен қазандық корпусының қабырғалары ғана емес, сонымен қатар қызған түтін газдарын атмосфераға шығаратын түтін арналарының конструкциялары да қатты қызады.
    Өртке қарсы бөлу – пештер, каминдер, қазандықтар сияқты жылыту агрегаттарының корпустары немесе түтін құбырлары мен арналары қабырғаларының құрылыс конструкцияларымен тікелей жанасатын жерлерінде олардың енін ұлғайту. Бұл құрылыс конструкциялары жанғыш немесе қиын жанатын материалдардан жасалған болуы мүмкін.
    Өртке қарсы шегініс – пеш агрегаттары корпустарының, жылыту жабдықтарының немесе түтін арналары қабырғаларының сыртқы беттері мен жанғыш, қиын жанатын құрылыс материалдарынан жасалған, тұрақты қызудан және тұтанудан қорғалмаған немесе қорғалған қабырғалар мен қалқалар арасындағы кеңістік, яғни қашықтық.
    Мақсаты
    Өртке қарсы бөлу мен шегіністің негізгі мақсаты – жылыту жабдықтарының қызған беттері мен жанғыш, қиын жанатын құрылыс конструкцияларының тікелей ауа арқылы жанасатын жерлерінде өрт ошақтарының пайда болуының алдын алу.
    Материалды дұрыс түсіну үшін кейбір анықтамаларға тоқталайық:
    - Пештер – әртүрлі қатты материалдардың толық жануына және ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын жылытуға арналған құрылғылар. Олар орнату орнында отқа төзімді материалдардан – кірпіштен, отқа төзімді бетоннан, оттан қорғау пасталарынан, жанбайтын мастикалардан немесе зауыт жағдайында металл қорытпаларынан жасалады.
    - Каминдер – ашық от жағу ойығының көлемі үлкен болуымен және түтін айналымының болмауымен ерекшеленетін пештердің бір түрі.
    - Түтін құбыры, түтін мұржасы – жану процесінде пайда болған қызған түтін өнімдерінің жоғары қарай тартылуын қамтамасыз ететін және оларды атмосфераға шығаруға арналған тікбұрышты немесе дөңгелек қималы шахта.
    - Түтін арнасы, құбыр бірнеше түрде орындалуы мүмкін: ғимараттың төбелік жабындарына сүйенетін насадты; негізгі қабырғалардың ішінен өтетін қабырғалық; ғимараттың іргетасына немесе еденіне сүйенетін, жылыту агрегатының жанында орналасқан түбірлі түрі.
    - Шегініс – ашық немесе жабық болуы мүмкін.
    - Бөлу – ғимараттың жанғыш құрылыс конструкцияларына дейін, сондай-ақ металл торға жағылған дымқыл сылақпен немесе басқа да отқа төзімді материалдармен қорғалған конструкцияларға дейін орындалады.
    - Жылыту маусымы басталғанға дейін ұйым басшысы, тұрғын үйлердің (үй иеліктерінің) меншік иелері пештерді, қазандықтарды, жылу генераторларын, калорифер қондырғылары мен каминдерді, сондай-ақ басқа да жылыту құрылғылары мен жүйелерін тексеруді және жөндеуді қамтамасыз етуге міндетті.
    - Пештерді және басқа да жылыту құрылғыларын жанғыш конструкциялардан өртке қарсы бөлу (шегініс) жасалмай, сондай-ақ жанбайтын материалдан жасалған, өлшемі кемінде 0,5 × 0,7 метр болатын от жағу алдындағы төсемсіз (ағаш немесе басқа да жанғыш материалдан жасалған еденде) пайдалануға, сондай-ақ бөлу орындары (шегіністер) мен от жағу алдындағы төсемдерде күйіп кету немесе зақымдану болған жағдайда пайдалануға тыйым салынады.
    - Ақаулы пештер мен басқа да жылыту құрылғыларын пайдалануға жол берілмейді.
    Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары