
Қысқы берекенің бастауы – жазғы еңбек
2026 жылғы 5 қазанда Ескелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дуз-оглы Д. және Ескелді ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері Құдайбергенов М. құрамындағы жұмыс тобы ауылдық округ аумағындағы шаруа қожалықтары мен тұрғындардың қысқы мал азығын дайындау барысын зерделеу мақсатында аралау жұмыстарын жүргізді.
Аралау барысында мал азығын дайындау деңгейі, жем-шөп қорының жеткіліктілігі және қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды.
Зерделеу барысында «Ахметбаев Бауржан» шаруа қожалығында 560 гектар жоңышқа және 200 гектар арпа жиналғаны анықталды.
Аралау қорытындысы бойынша шаруа қожалығында қысқы кезеңге мал азығын дайындау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.









