Погондағы спортшы: қарағандылық полицей Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері

    Погондағы спортшы: қарағандылық полицей Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері

    Погондағы спортшы: қарағандылық полицей Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері. Қызмет пен спортты қатар алып жүрген Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер күресінен сынға түскен қарағандылық спортшы құрлықтың үздік балуандарымен тартысты белдесулер өткізіп, өзінің шеберлігі мен мықты дайындығын, ең бастысы, жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Эльмира Сыздықова күміс медальді иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына бағалы жүлде қосты. Бұл – спортшы үшін кезекті ірі жетістік қана емес, полициядағы қызметі мен жоғары деңгейдегі спортты қатар алып жүрген табанды жанның еңбегінің нәтижесі. «Полиция қызметі де, спорт та адамнан тәртіпті, төзімділікті және жауапкершілікті талап етеді. Әр белдесуге шыққанда елімнің намысын қорғау – мен үшін үлкен мәртебе», – дейді Эльмира Сыздықова. Қарағанды облысының Полиция департаменті Эльмира Сыздықованы айтулы жетістігімен құттықтап, қызметте абырой, спортта жаңа жеңістер тілейді. Бір формада – қызметте. Бір белдесуде – ел намысы үшін.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары