Жаңалық

    Жаңалық
    Үкімет тарапынан Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді
    Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыында берген тапсырмаларын орындау аясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Президент Аралды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ серіктес елдермен бірлесіп, Каспий теңізін сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
    Негізгі шаралар су айдындарындағы су деңгейін арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу және енгізуді, биоалуантүрлілікті сақтау мен қалпына келтіруді қамтиды. Сонымен қатар Каспий теңізінің флорасы мен фаунасына ғылыми зерттеулер жүргізіліп, Арал теңізінің құрғаған табанында шөлейттенуге қарсы іс-шаралар жүзеге асырылуда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" жаңалықтары