Қарағандыда халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі

    8 қазанда сағат 10:00-де Қарағанды қаласында қолданыстағы барлық дыбыстық электр сиреналары қосылады. Тексеру жұмыстары «Баршаңыздың назарыңызға!» сигналы бойынша жүргізіледі.

    Сиреналар аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің әзірлігін тексеруге арналған кешенді оқу-жаттығу барысында іске қосылады.

    Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, дүрбелеңге және түрлі қауесеттерге бой алдырмау, сондай-ақ ресми хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұралайды.

    Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары