Азаматтық қорғау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Азаматтық қорғау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    Түркістан облысының ТЖД қызметкерлері Қарттар күніне орай сала ардагерлерінің шаңырақтарына барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

    Қарттар күніне орай Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, бүгінде құрметті демалыста жүрген сала ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

    Кездесу барысында ардагерлерге көп жылғы еңбегі, кәсібилігі, қызметіне деген адалдығы және азаматтық қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді. Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен бақ-береке тілектері айтылды.

    Аға буын өкілдерінің еңбек жолы мен мол кәсіби тәжірибесі жас мамандар үшін тағылымды үлгі болып табылады. Олардың салада қалыптасқан дәстүрлер мен кәсіби құндылықтарды сақтауға қосқан үлесінің маңызы зор.

    Департамент қызметкерлері ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен отбасыларына амандық тілеп, олардың әрдайым назар мен қамқорлықта болуына тілектестік білдірді.

    Аға буынға құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың, көп жылғы еңбегіне алғыс білдірудің және игі дәстүрлерді сақтаудың маңызды көрінісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары