Бүйрек синдром геморрагиялық қызба алдын алу бойынша радио дәріс оқылды

    Бүйрек синдром геморрагиялық қызба алдын алу бойынша радио дәріс оқылды
    Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекші маманы А.Утегенова «Ақжайық» телеарнасының облыстық радиосында бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның алдын алу тақырыбында радио дәріс оқыды.
    Эфир барысында бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
    Тұрғындарға аурудың негізгі тасымалдаушылары болып табылатын кеміргіштермен байланыстан сақтану, тұрғын үй-жайлар мен аумақтарда санитариялық тазалықты сақтау, азық-түлік өнімдерін дұрыс сақтау және жеке бас гигиенасы талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
    Сонымен қатар, аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда уақытылы медициналық көмекке жүгіну және өз бетінше ем қабылдамау қажеттігі атап өтілді.
    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрғындардың санитариялық сауаттылығын арттыруға және бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның алдын алуға бағытталған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары