
06.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында «Әділет» партиясының Жетісу облыстық филиалында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.
Азаматтарды жеке қабылдауға Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Жетісу облысы адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, қаржылық сауаттылықты арттыруға, қарыз міндеттемелерін орындауға және атқарушылық іс жүргізуге қатысты тиісті ұсынымдар берілді.









