
Кездесу барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары таныстырылды.
Атап айтқанда, Округ аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды күтіп ұстау, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, көше жарықтарының жай-күйін жақсарту мәселелері сөз болды.Кездесу барысында округ тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.









