"Дина" сауда үйінде акция өтті

    #ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
    Атырау облысы Әділет департаменті қызметкерлері, нотариус, адвокат және жеке сот орындаушылары "Заң және тәртіп" қағидаттарын ілгерілету аясында "Дина" сауда үйінде өткен акцияға қатысты.
    Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету.
    Іс-шара барысында тұрғындарға атқарушылық іс жүргізу, банктік шоттарға тыйым салу және оны алып тастау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік, тұрғын үй және құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді.
    Сонымен қатар, азаматтарға Әділет министрлігінің цифрлық сервистері таныстырылды. Атап айтқанда, құқықтық кеңес алуға арналған жасанды интеллект негізіндегі чат-бот және «AdiletGov» мобильді қосымшасындағы «Тараптардың кабинеті» сервисі туралы ақпарат берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары