
Ағымдағы жылдың 01 қазан күні жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты-Махамбет Өтемісұлының әдеби, тарихи және рухани мұрасын насихаттау, оқушылардың ұлттық сана-сезімін, шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын және азаматтық ұстанымын дамыту.
Аталған байқау 4 бағыт бойынша өткізілді.
Нәжижесінде:
«Нарында» Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бөлімі
I орын - Берікова Аружан «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ 10-сынып оқушысы;
II орын - Дүйсенбекова Каусар «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ 10-сынып оқушысы;
III орын - Айтқали Бекнұр «Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ 8-сынып оқушысы;
III орын - Құралбекова Зарина «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ 11-сынып оқушысы;
«Ел құтқарар ер едім...» Махамбет шығармаларын жатқа оқу бөлімі
I орын – Тілеухан Ақерке Алмасқызы «Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы;
II орын- Қайрат Аружан «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы;
III орын- Мұсылман Нұрдәулет «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ 8-сынып оқушысы.
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін тарихи-әдеби тұрғыдан қорғау бөлімі
I орын - Тоқанова Даяна «Мамай атындағы негізгі орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы;
II орын - Бақдәулетова Әмина «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ 10-сынып оқушысы;
III орын - Ақылтай Сәннұр «Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ 8-сынып оқушысы.
«Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бөлімі
I орын - Тәртіпқали Еркебұлан «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ 9-сынып оқушысы;
II орын - Болат Гүлден «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы;
II орын – Омарғазина Адина «Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы;
III орын - Дарханұлы Ерхан «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 8-сынып оқушысы.
Аудандық іріктеуден I орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.









