
2026 жылдың 30 қыркүйек күні Өскемен қаласында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.
Аймақтық кезеңге аудан мектептерінен 3 оқушы қатысты.
Нәтижесінде
«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ 10 сынып оқушысы Жұмахунова Шырайлым жүлделі 3 орынды иеленіп, 30 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Сәметханова Маликаға, 10 сынып оқушысы Бейбітова Кәусарға арнайы сертификат табысталды.









