
💼 Еңбек жолы:
Әнуар Жақсылықұлы азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2013 жылы Хромтау ауданында бастаған. Осы уақытқа дейін аталған салада әртүрлі жауапты лауазымдарды атқарып, мол кәсіби тәжірибе жинақтаған білікті маман.
📌 Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шалқар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде бас маман лауазымында жемісті еңбек етті.
Жаңа басшының кәсіби білімі мен басқарушылық тәжірибесі ескеріле отырып, оған аудан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бағытындағы жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру міндеттері жүктелді.









