Шетелдік банктерде шоттарды иеленуге, ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу.

    Шетелдік банктерде шоттарды иеленуге, ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу.

    Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (мәслихат депутаттарын қоспағанда), лауазымды адамдарға ҚР шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға және иеленуге, ҚР шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салынады.
    Ескертпе. Осы тармақта көзделген шектеу ҚР аумағында орналасқан бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
    Осы көрсетілген адамдар лауазымға орналасқан немесе басқа белгіленген мән-жайлар жойылған күннен бастап алты ай ішінде ҚР шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды) жабуға және (немесе) ҚР шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
    Егер осы көрсетілген адамдар аумағында шоттары (салымдары) орналасқан және (немесе) шетелдік банкте қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау жүзеге асырылатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы шет мемлекеттің құзыретті органдары қолданған тыйым салуға, билік етуге тыйым салуға байланысты немесе осы адамдардың еркінен тыс еңсерілмейтін күш мән-жайларына (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай, банктік шот (салым) туралы шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатудың мүмкін болмауы және өзге де мән-жайлар) байланысты осы көзделген талаптарды орындай алмаған жағдайда, мұндай талаптар тыйым салудың, билік етуге тыйым салудың қолданылуы тоқтатылған немесе өзге де мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде тиісті фактілерді растайтын құжаттар ұсыныла отырып орындалуға тиіс.
    Осы көрсетілген адамдар ҚР заңнамасына немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұраны қабылдау нәтижесінде ҚР шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды), қолма-қол ақша мен құндылықтарды иеленуге және (немесе) пайдалануға алған жағдайда, көрсетілген адамдар мұраны қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде ҚР шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды) жабуға және (немесе) қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
    Осы ережелер аталған, ҚРның шетелдердегі мекемелеріне, өкілдіктеріне және ҚРнан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, сондай-ақ көрсетілген ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарға көрсетілген ұйымдардағы жұмыс кезеңіне немесе шетелде білім алатын, немесе шетелде тағылымдамадан өтетін, немесе шетелдік іссапарда жүрген, немесе шетелде емделіп жатқан адамдарға немесе кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі ретінде не кәмелеттік жасқа толған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы ретінде тиісті адамның шетелде оқуы не емделуі кезеңінде шетелде болатын адамдарға қолданылмайды.
    Осында көзделген мерзімдер ішінде осында көрсетілген адамдар мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті өз қалауы бойынша тоқтату туралы өтініш беруге құқылы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары