
«Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысында полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Рейд барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтауға және түнгі заңсыз жарыстардың жолын кесуге ерекше мән берілді.
Атап айтқанда, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың – 237, көлікті мас күйде басқарудың – 9, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді пайдалану талаптарын бұзудың – 749, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзудың 28 дерегі анықталды.
Түнгі уақытта жоғары жылдамдықпен қозғалып, өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жүргізушілер де бақылауда.
Рейдтік шаралар барысында анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілуде.
Түнгі қала – жарыс алаңы емес.
Жолдағы тәртіп – әр адамның қауіпсіздігінің кепілі.






