Атырауда кибералаяқтықтың алдын алуда жаңа технологиялар қолданылуда

    Атырауда кибералаяқтықтың алдын алуда жаңа технологиялар қолданылуда
    Атырау облысы полиция департаменті интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға ақпараттық ескерту жұмыстарын жүргізуде.
    📢 Арнайы дауыс зорайтқышы бар дронның және робот-полицияның көмегімен азаматтарға кибералаяқтардың арбауына түспеу, жеке мәліметтерін және банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілуде.
    📌 Полиция қызметкерлері алаяқтардың түрлі тәсілдерді қолданатынын ескертіп, азаматтарды қырағы болуға шақырады.
    ⚠️ Полиция ескертеді: бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, SMS-кодтар мен банк картасының деректерін ешкімге айтпаңыз. Күмәнді жағдайға тап болсаңыз, «102» нөміріне хабарласыңыз.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары