СҚО-да мас күйінде көлік жүргізетіндер саны азайып келеді

    СҚО-да мас күйінде көлік жүргізетіндер саны азайып келеді

    Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының бірінің тұрғыны полицияға жанұялық жанжалдан кейін мас күйінде көлікпен кетіп қалған күйеуі туралы хабарлаған. Полицейлер 36 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.

    Полицейлер әкімшілік жаза адамның одан да ауыр зардаптарға ұрынуының алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Мас күйінде көлік жүргізген адам адамды қағып кетіп, қылмыстық іске қатысы бар тұлғаға айналуы, өзі жарақат алуы немесе жол-көлік оқиғасынан қаза табуы мүмкін.

    Жыл басынан бері СҚО-да мас жүргізушілердің кінәсінен 19 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 1 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Полицейлер көлік құралдарын мас күйінде басқару деректерінің алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

    Өңірде оң динамика байқалады. Өткен жылы ішімдік ішкеннен кейін көлік басқарғаны үшін 1016 жүргізуші жауапкершілікке тартылса, биыл бұл көрсеткіш 891 адамды құрады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары