Іргелес аумақтарды күтіп-ұстау талаптарын сақтау туралы ескерту

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Құрметті кәсіпкерлер!

    Қала аумағының тиісті санитариялық және эстетикалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында, сондай-ақ Павлодар облысы қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз.

    Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері, сондай-ақ тиісті объектілер қарамағында болатын жеке және заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстарды және оларға іргелес аумақтарды тиісінше күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге міндетті.

    Атап айтқанда, мыналарды қамтамасыз ету қажет:

    * тұрмыстық және ірі көлемді қоқысты жинау және шығару;
    * іргелес аумақты сыпыру және санитариялық тазалауды жүргізу;
    * шөпті уақтылы шабу және жасыл желектерге тиісті күтім жасау;
    * ғимараттардың қасбеттерін, қоршауларды және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда ұстау;
    * іргелес аумақтың бүлінген жабындысын уақтылы жөндеу;
    * пандустардың, тұтқалардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған басқа да қолжетімділік құралдарының жарамды күйін қамтамасыз ету;
    * қыс мезгілінде іргелес аумақты қар мен мұздан уақтылы тазарту, көктайғақтың алдын алу және жою, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау.

    Абаттандыру талаптарын сақтау жайлы, қауіпсіз және таза қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді және объектілердің меншік иелері мен пайдаланушыларының міндеті болып табылады.

    Абаттандырудың белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін назарларыңызға саламыз.

    Кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай заңнамада ескерту жасау немесе 20-дан 100 АЕК-ке дейін мөлшерде әкімшілік айыппұл салу көзделген.

    Ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларын іргелес аумақтарды санитариялық тазалау, абаттандыру және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, сондай-ақ қасбеттердің, абаттандыру элементтерінің және жасыл желектердің тиісті жай-күйін қамтамасыз етуге шақырамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары