Алкоголь өнімдерінің жарнамасын орналастыруға жол берілмейтіні туралы

    Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнама талаптарын сақтау мақсатында мейрамхана, кафе, сауда нысандарының иелеріне және өзге де кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімдерінің бейнелерін ғимараттардың қасбеттерінде, маңдайшаларда, витриналарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және жарнамалық жарияланымдарда заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып орналастыруға жол берілмейтінін ескертеміз.

    Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін жарнамалауға бағытталған түрлі ұтыс ойындары, лотереялар және өзге де жарнамалық іс-шаралар арқылы алкоголь өнімдерінің жарнамасын таратуға, егер мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына қайшы келсе, жол берілмейтініне назар аударамыз.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 455-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес алкоголь өнімдерінің жарнамасына қойылатын белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 35-тен 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылық көзделген.

    Кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнама талаптарын сақтауға, анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" жаңалықтары