
Құрметті жамбылдықтар!
Жамбыл облысында тұмаудың алдын алу мақсатында тұрғындарды вакцинациялау басталды. Тұмауға қарсы екпе облыстың барлық емдеу-профилактикалық ұйымдарында жүргізілуде.
Вакцинация тұмаумен сырқаттану қаупін төмендетіп, аурудың ауыр өтуі мен асқынуларының алдын алуға көмектеседі. Екпе алу арқылы әр адам өз денсаулығын ғана емес, жақындары мен айналасындағы адамдардың денсаулығын қорғауға да үлес қосады.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды тұмау маусымына алдын ала дайындалып, вакцинациядан уақытылы өтуге шақырады.
Толығырақ ақпарат алу үшін 2 қазанда Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Орынбасарқызының қатысуымен өткен «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу» тақырыбындағы пресс-конференцияны көруге шақырамыз.
Пресс-конференцияның толық нұсқасын Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің YouTube арнасындағы 2 қазан күні сағат 12:00-де жарияланған эфирлік шығарылымнан көре аласыздар.
Тұмаудан қорғаныңыз – вакцинацияны уақытылы алыңыз!









