
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында полиция қызметкерлері жайылымнан алты жылқыны ұрлау фактісін ашты.
Биыл қыркүйек айында жайылымдық жерден екі тұрғынға тиесілі алты жылқы ұрланған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар ауданның екі тұрғынын анықтап, ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұрланған жылқылардың алдымен бір қораға қамалғаны, кейін автокөлікпен Атырау қаласына жеткізіліп, сатылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша заңда белгіленген процессуалдық шешім қабылданады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.









