
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлттың болашағы бүгінгі ұрпақтың қолында болса, сол ұрпақтың тәрбиесі мен білімі ұстаздың қолында.
Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз елдің болашағын айқындайтын, мемлекеттің дамуы мен ұлттың өркендеуіне тікелей әсер ететін аса маңызды еңбек.
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Шәкірттеріңіздің жетістігі мен жеңісі сіздерге әрдайым мақтаныш сыйласын!









