КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ

    КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ
    КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ
    Кентау қаласының “Қала күніне” арналған жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жарысқа 14 жастан жоғары 500-ге жуық тұрғын қатысты.
    Марафон қатысушылары қаладағы Д.Қонаев көшесі бойымен 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, жарыстың мәресіне Ынтымақ алаңында жетті. Қатысушылар бүкіл қашықтық бойында өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін, күш-жігері мен төзімділігін көрсетті.
    Жарысқа Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, марафонға келген спортшыларға қолдау білдірді. Қала әкімі белсенділік танытып, спорттық шараға қатысқан тұрғындарға алғыс айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Жарыс қорытындысы бойынша жас санаттары бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар анықталып, оларға марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.
    Марафон қала тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұқаралық шаралардың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары