КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ

    КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ
    КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ
    «Әділет» партиясы Арыс қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №6 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Бауыржан Абилдаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
    Қабылдауға «Әділет» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков қатысты.
    Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланды. Азаматтарды толғандырған сауалдар бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, шешуді қажет ететін мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында қарастыру жолдары айқындалды. Денсаулық сақтау және МӘС мәселесі бойынша 4 азамат қабылдауда болды. Азаматтарға сұрақтары бойынша жауап берілді.
    Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, олардың шешілуіне қатысты тиісті жұмыстар жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары