
Алматы , Оқушылар сарайы – Бүгін Алматы қаласында балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Әзербайжан Республикасынан келген делегация мен жергілікті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан жиын « Развитие международного взаимодействия в сфере защиты прав и обеспечения благополучия детей » тақырыбында ұйымдастырылды.
Кездесуге Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Білім басқармасы, ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) өкілдері, Психологиялық қолдау орталығы және Балалардың құқықтарын қорғау орталығының мамандары қатысты.
Жиын барысында тараптар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологилық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру және осы бағыттағы озық тәжірибелермен алмасу бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Екі елдің мамандары өзара іс-қимылды тереңдетіп, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.
Тәжірибе алмасу сипатында өткен бұл жемісті кездесу балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге негіз болмақ.









