Кездесу өткізілді.

    Кездесу өткізілді.

    2026 жылғы 30 қыркүйекте халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Rоммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен Департамент базасында заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және ресми құжаттарды апостильдеу салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізілді.
    Іс-шара барысында қызмет алушыларға тіркеу қызметі мәселелері бойынша консультациялар алу мүмкіндігі ұсынылып, қызықтырған мәселелері бойынша қажетті құқықтық көмек көрсетілді.
    Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша, оның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу, АХАТ және ресми құжаттарды апостильдеу салаларында электрондық қызметтерді алу тәртібі, электрондық үкімет порталы арқылы өтініштерді беру тәртібі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері және құжаттарды электрондық форматта алудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Электрондық өтініштерді дұрыс толтыруға және электрондық үкімет порталында берілетін өтініштерге қоса тіркелетін құжаттар топтамасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Қызмет алушыларға жүктелетін құжаттардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуіне, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ өтініштерді беру кезінде жиі жіберілетін қателер мен олардың алдын алу тәсілдеріне қатысты түсіндірмелер берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары