Семинар өткізілді

    Семинар өткізілді

    Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының фронт-офис және бэк-офис қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтық хал актілерін, коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу және ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өткізді.
    Семинар барысында АХАТ саласының қызметкерлеріне ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 763 ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығымен таныстырылды.
    Семинар барысында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларына енгізілген негізгі өзгерістер қаралды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік корпорацияның» АХАТ тіркеуші органы ретіндегі өкілеттіктері, шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттармен жұмыс істеу тәртібі, оның ішінде оларды заңдастыруға (апостиль қоюға) және қазақ немесе орыс тілдеріне аударуға қойылатын талаптар нақтыланды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастыру тәртібі түсіндірілді. Қазақстан Республикасынан тыс жерде жасалған неке қиюды, некені бұзуды және қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді (белгілерді) азаматтық хал актілерінің цифрлық жүйесіне енгізудің жаңа тәртібіне ерекше назар аударылды. Өтініш беру тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды заңдастыруға және аударуға қойылатын талаптар, кез келген АХАТ тіркеуші органына жүгіну мүмкіндігі қаралып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күні болып белгіленгені атап өтілді.
    Акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бөлігіндегі өзгерістер, оның ішінде қазақ тіліне тән емес аффикстерді бұрын алып тастаған адамдардың тегі, аты немесе әкесінің атының бұрынғы жазылуын қайтару мүмкіндігі қаралды. Семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын жаңартылған талаптар түсіндірілді. Бұл ретте Қағидаларға 4, 13, 17, 20, 22, 26, 30 және 34-қосымшалар жаңа редакцияда жазылып, сондай-ақ өтініштер мен хабарламалардың тиісті нысандарын белгілейтін 33-1 және 33-2 жаңа қосымшалармен толықтырылғаны түсіндірілді.
    Апостиль қою саласында АХАТ қызметкерлері 1961 жылғы 5 қазандағы Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттердің тізбесімен таныстырылды. Сонымен қатар 2026 жылғы қыркүйек айынан бастап Конвенцияға Вьетнам Социалистік Республикасы қосылғаны туралы ақпарат берілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулардың саны, оларды шығарудың себептері мен негіздері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай бас тартуларға жол бермеуге бағытталған мәселелер талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары